Кадрлардан қаланы басқан торнадоның орасан күшін көруге болады.
Бұрын хабарланғандай, табиғи апаттан екі адам зардап шекті. Ладисполи қаласында құйынның күшімен аспанға көтерілген қоқыс жәшігінің соққысынан Үндістан азаматы қаза тапқан. Бұдан басқа, Римнен 30 шақырымдағы Чезано қаласында Италия тұрғыны ағаштың құлауынан ажал құшты. Бұдан басқа тағы оннан астам адам жарақаттанды.
Дүлей дауыл, адам шығынынан бөлек қалаларда көптеген нысандардың қирауына соқтырды.