Италия 4 мамырдан бастап карантинді тоқтатпақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италия 4 мамырдан бастан карантин режимін тоқтатпақ деп, хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жедел штабынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жедел штаб таратқан мәліметке қарағанда, Италия Премьер-Министрі Джузеппе Конте Италия шектеулі карантин режимін бұдан әрі соза алмайтынын айтқан. Себебі бұдан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашарлауы мүмкін.

Сол себепті мемлекет 4 мамырдан бастап біртіндеп карантин режимін тоқтатады. Жақын арада музейлер мен көрнекі орындар ашыла бастайды. Дегенмен, осы маусымда Италияда тек жергілікті халық қана демала алады. Шекара жыл соңына дейін жабық болмақ.