Италия ашық чемпионатының финалында Маррей Джоковичті жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық теннисші Энди Маррей әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичті 6-3, 6-3 есебімен жеңіп, Италия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады ВВС.

Маррей туған күнінде жеңіске жетті, жексенбі ол 29 жасқа толған. Бұл- оның Джоковичпен соңғы бес кездесуіндегі алғашқы жеңісі.

Ол бірінші сетте бір, екіншіде екі брейк-пойнтке қол жеткізіп, 1 сағат 35 минут уақытта қарсыласын жеңді.

22 мамырда басталатын Франция ашық чемпионаты алдында Маррей тағы әлемнің екінші ракеткасы атанады.