Италия астанасында Рим Папасымен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Фото: Фото: ansa.it

АСТАНА.KAZINFORM - Италия астанасында жерленетін католик шіркеуінің жетекшісіне тағзым ету үшін бүгін Римге 100-ден астам делегация келді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Марқұм понтификті еске алудың ресми рәсімдері бүгін, яғни сенбі күнгі жерлеу рәсімінен бұрын басталды.

Италия астанасына келген делегациялардың арасында Еуропаның жоғары жетекшілері, оның ішінде Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Франция президенті Эмманюэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер бар.

Сонымен қатар жұртшылықтың назары Римге келетін АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның украиналық әріптесі Владимир Зеленскийге аударылды.

- Бейсенбі күні Рим Папасы Францискке тағзым ету үшін 90 мыңнан астам адам келді, деп хабарлайды Euronews.

- Рим папасының табытын сенбі күні жерлеу рәсімінен бұрын бір топ кедей-кепшік пен үйсіздер қарсы алады, деп хабарлады Ватикан.

Соңғы қоштасу рәсімдері Санта Мария Маджоредегі храмда өтеді. Рим Папасы Франциск өзі жиі сыйынатын Дева Мария иконасының жанына жерлеуді сұраған.

Дауыс беруші кардиналдар кем дегенде 5 мамырға дейін католик шіркеуінің келесі жетекшісін таңдау конклавын бастамайды.

Айта кетейік, Рим Папасы Франциск ұзаққа созылған дертінен кейін 88 жасында қайтыс болды.