Ол қалың киініп алып, тоғыз шақырым биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың апаттық шығу есігінен секірмекке әрекеттенді.
«Ол абыржулы көрінді, өзі қалың пальто киген. Дәретханада бір минуттай болды», - деп сипаттайды оны басқа жолаушылар.
Әлгі жігіт дәретханадан шыға салып, апаттық шығу есігіне барған да оны ашпақ болған. Экипаж мүшелерінің бірі оған айғайлап, басқалары қорқыныштан жылап-сықтай бастаған.
Бірнеше ер адам әлгіге жабылып, Пизаға қонғанша жібермей отырды. Сөйтіп әуежайда полицияға тапсырды. Басылымның хабарына қарағанда, ұшақта шу шығарған отыздар шамасындағы Италия азаматы болып шыққан.