Еске салайық, Италияның Генуя қаласында көпірдің құлауына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.
Қала басшысы хабарлағандай, ол бұл жағдай тұрғындарға қиындық тудыруы мүмкін, алайда Генуядағы Моранди салған тағы бір көпірдің құлауы сияқты оқиғалардың қайталанғанынан гөрі осындай ыңғайсыздық тудырған әлдеқайда жақсы екенін айтты. Техникалық комиссия көпірдің қауіпсіз екенін растамағанға дейін мэрдің бұйрығы күшін жоғалтпайды.
Италиялық құтқарушылар төрт күннен бері Генуя маңындағы Моранди көпірінің құлауы салдарынан із-түссіз жоғалып кеткен адамдарды табу үшін бульдозерлер мен шойбалғаның көмегімен үйінділерді қопарып, тұрғындарды іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.