Италия экоөнім өндірісі бойынша Еуропалық Одақтың көшбасшысына айналды

Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM — Италия экологиялық таза тауарлар өндірісі бойынша Еуроодақтың жетекші еліне айналды, деп хабарлайды Euronews.

Ecolabel еуропалық ерікті экологиялық таңбалау жүйесі 1992 жылы іске қосылған. Ол тұтынушылар мен бизнеске ұтымды таңдау жасауға көмектесе отырып, экологиялық таза өндіріс тәжірибесін насихаттайды. Бүгінде 100 мыңнан астам тауар мен қызмет еуропалық экотаңбамен шығарылады. Италия мемлекеті осы экотауар өндірісі бойынша бірінші орында тұр.

Еурокомиссияның деректеріне сүйенсек, елде зиянсыз 19 мыңға жуық өнім сатылады. Бұл тауарлар сертификатталған.

Еуроодақтың шешімі бойынша Испания эко-таңбаланған тауар саны бойынша екінші орында тұр. Бұл мемлекетте шамамен 16 мыңдай пайдалы өнім сатылады. Одан кейін тізімде Франция (13000), Германия (10000) және Португалия (7000) бар.

Осыған дейін елімізде органикалық және экоөнімдер үшін жаңа ереже енгізілетіні туралы хабарладық.