Италия елдің фашизмді жеңгенінің 75 жылдығын карантин жағдайында атап өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Италия елдің фашизмді жеңгенінің 75 жылдығын карантин жағдайында атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі СИНЬХУА агенттігіне сілтеме жасап.

Римде және елдің өзге де ірі қалаларында бұл дата жаңа коронавирус індетінің таралуына байланысты көшелердегі шерусіз атап өтілді.