Референдумға бар-жоғы 2 апта қалды. Әзірге оның қорытындысына қатысты нақты болжам жоқ. Алайда сарапшылар референдум Ұлыбританиядағы сайлаудан кем болмайтынын айтты. Сондықтан 4 желтоқсаннан кейін үкіметте айтарлықтай өзгеріс болуы мүмкін. Референдум Италияның Еуроодақтан шығуына ықпал етуі мүмкін.
Маттео Ренци жеңілсе, отставкаға кетпек. Соның салдарынан елде саяси тұрақсыздық орнайды. Инвесторлар да Италияға қаражат құюдан бас тартуы мүмкін. Сонда 5 желтоқсан күні халық Еуропаның құлдырауға жақын екендігін түсінеді. Италияның саяси оппозициясы еуроаймақтан шығуға ниетті. Әрине, дауыс беру нәтижелері туралы айту әлі ерте. Соңғы сауалнамаға сәйкес реформаны қолдайтындар мен олардың қарсыластары арасында дауыс тепе-тең, деп хабарлады 24.kz.