Италия халқының 80 пайызға жуығы қыркүйектің соңына дейін вакциналанады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Италияның премьер-министрі Марио Драги барлық италияндықты COVID-19 вакцинациясын алуға шақырды және анти-ваксерлердің құрбаны болған адамдармен ынтымақтасты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Италия премьер-министрі тағы да отандастарын вакцина алуға шақырды. Оның айтуынша, «бұл – өзіне және басқаларға қатысты әрекет».

Қыркүйек айының соңында италияндықтардың шамамен 80%-ы COVID-19-ға қарсы вакциналанады, деді М.Драги. «Біз қазірдің өзінде 70% -ға толық вакциналандық», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Италия министрлер кабинетінің басшысы «Green Pass» («жасыл рұқсатнама») вакцина паспорттарын қолданудың сәтті болғанын атап өтті.

Сондай-ақ, М.Драги Италияның мектеп мұғалімдерінің 91,5%-ы кем дегенде COVID-19 вакциналарының алғашқы дозасын алғанын айтты.