Бұл биатлоншы Вишневскаяның биылғы маусымдағы ең үздік нәтижесі. Ал өзге спортшыларымыз Ольга Полторанина - 38-ші, Алина Райкова 39-шы орындардан көрінді.
Бұл сында бас жүлдені германиялық Лаура Дальмайер жеңіп алса, екінші орынды италиялық Доротея Вирер қанжығасына байлады. Үздік үштікті Беларусь спортшысы Дарья Домрачева тұйықтады.
Биатлоннан әлем кубогының VI кезеңі, Антхольц-Антерсельва, Италия
Әйелдер:
Ізге түсу, 10 шақырым
1. Лаура Дальмайер (Германия) - 29:45.0
2. Доротея Вирер (Италия) - 17.3
3. Дарья Домрачева (Беларусь) - 20.2
... 6. Галина Вишневская (Қазақстан) - 1:20.1
38. Ольга Полторанина (Қазақстан) - 3:49.8
39. Алина Райкова (Қазақстан) - 3:53.1