АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия Қазақстанмен арада тікелей әуе рейстерін ұйымдастыруға мүдделі. Бұл туралы бүгін Астанадағы Қазақстан-Италия экономикалық форумында Шетелде италияндық компанияларды алға жылжыту жөніндегі агенттіктің президенті Риккардо Монти мәлім етті.
"Біз Қазақстанмен тікелей әуе байланысы мәселелерін шешуге екпін қойып отырмыз. Бұл маңызды мәселе. Қазіргі кезде Астанаға тікелей әуе рейсін ұйымдастыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз", - деді Р.Монти.
Осы орайда ол Шетелде италияндық компанияларды алға жылжыту агенттігі осы тұрғыда Италия компанияларының Қазақстанға емін-еркін келіп, байланыстарды нығайту үшін тиісті бюджетті қарастырып отырғандығын атап өтті.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.