«Біз қиын шешім қабылдадық, яғни КХДР елшісінің аккредитациясын тоқтатамыз. Елші Италиядан шығып кетуі тиіс», - деді министр. Соңғы айларда Корей түбегіндегі саяси ахуал, әсіресе ресми Пхеньян шілде айында екі баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген соң күрт ушықты. Ол зымырандарды КХДР да, АҚШ та құрлықаралық зымырандар санатына жатқызады.
Бұған жауап ретінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-ға қатысты халықаралық санкцияларды тіптен қатаңдату туралы қарар қабылдады. Бұдан тыс, Пхеньян Тынық мұхитта ядролық сынақтарды өткізуге дайын екенін мәлімдеді, ал АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР-ды жер бетінен жойып жіберемін деп қаһарланған болатын.