Италия мектепте бурка мен ниқаб киюге тыйым салмақ

АСТАНА. KAZINFORM – Италия үкіметі мектептерде бурка мен ниқаб киюге тыйым салу, сондай-ақ шетелдік оқушылар санын шектеу туралы заң жобасын дайындап жатыр, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Фото: pexels.com

Италия премьер-министрі Джорджа Мелони заң жобасын «Италия бауырлары» партиясы жастар қанатының іс-шарасында жариялады.

Фото: Vanity Fair

– Италияда бетіңізді ашып мектепке баруыңыз керек және ешкім нақты немесе ойдан шығарылған дәстүрді қолдана отырып, жас әйел бетін жабуы керек деген шешім шығара алмайды, - деді Мелони.

Сонымен қатар билік «бейімделу қиындықтарына» тап болған шетелдік оқушылардың ата-аналарынан итальян тілін үйренуді талап етуді көздеп отыр.

Сонымен қатар сыныптағы шетелдік оқушылар санын шектеу жоспарланған. Мелонидің айтуынша, егер итальян тілін білмейтін бала «тым көп» болса, интеграция тиімді болмайды. Ол нақты шекті атап көрсеткен жоқ.

ISMU зерттеу орталығының мәліметі бойынша, Италиядағы барлық мектеп оқушыларының 11,6%-ы Италия азаматтығы жоқ оқушылар.

Швейцарияда паранжа мен никаб киюге тыйым салынғанын жазған едік.