Италия мен Германия шахтерлері 15 жылдан артық жұмыс істемейді – министр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомсвоның кеңейтілген алқа мәжілісінде зиянды жұмыс орындарында еңбек етушілерді әлеуметтік қорғау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, әлеуметтік әріптестердің қарауына азаматтардың зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеуінің барынша көп кезеңін белгілеу және сақтандыру компанияларының жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға қатысуы жөнінде ұсыныстар әзірленіп, шығарылады.

Мысалы, Аустралия, Италия және Германия мемлекеттерінде көмір шахталарында жұмыс істеудің максималды кезеңі 15 жыл, металлургия өндірісінде 20 жыл. Әлемнің 24 елінің сақтандыру компаниялары жұмыс берушілердің кәсіптік тәуекелдерді бағалауға, қызметкерлерді оқытуға, олардың біліктілігін арттыруға және еңбек қауіпсіздігі жөніндегі стандарттарды әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтейді. Осы тәсілдерді бізде де енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады», – деді Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ ол еңбек заңнамасының сақталуын мемлекет тарапынан бақылау үшін бизнеске жаңа реттеуші саясат енгізілуі мүмкін екенін айтты.

«Бұл ретте тексеру рәсімі профилактикалық сипатта болады. Осы мақсатта биыл «Кәсіпорын профайлы» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылады. Ол заңнаманың және компаниялардың өздері сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді министр.


Фото: st4.depositphotos.com