Шенеуніктер бөтелкенің қолайлылығы мен қолжетімді бағасы Eco-Water-дің туристер арасында тез танымалдығын арттыратынына сенімді.
Euromag.com хабарлағандай, бұл шөлмек жиналмалы болғандықтан, оны бір емес, бірнеше рет пайдалануға болады. Суды қалада орнатылған субұрқақтардан толтырып алуға мүмкіндік бар. Рим аумағында олардың саны 2 000-ға жуық, ал қала орталығында - 280. Eco-Water бөтелкесіне Колизейдің, римдік акведук пен субұрқақтардың суреті салынған, сондықтан жиналмалы шөлмек Римнен әкелінген ғажап сыйкәделердің бірі болмақ.
Туризм жөніндегі қалалық әкімшіліктің кеңесшісі Антонио Гадзеллоненің сөзіне қарағанда, Мәңгілік қалаға сапары барысында турист күніне екі бөтелке су, ал ыстық күндері- 4-5 бөтелке алады. Сондықтан Eco-Water-ді қолдану қала билігінің пластмасса жасап шығаруға кететін шығындарын айтарлықтай қысқартуы мүмкін. Бұдан бөлек, бұл туристердің өздеріне де қолайлы, олар да өз ақшаларын осылайша үнемдей алады.
Еуразия бірінші арнасы