Италия Премьер-министрі отставкаға өтініш беретінін мәлімдеді

Фото: None
РИМ. ҚазАқпарат – Италияның Премьер-министрі Джузеппе Конте сейсенбі күні кешқұрым отставкаға кететіні жөнінде мәлім етті. Ол мұндай мәлімдемені коалициялық үкіметке сенімсіздік білдіру туралы «Лига» билеуші партиясының өтінімхат жолдау шешімінен кейін жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Джузеппе КонтеЛиганың араңдатуынан туындаған саяси тәртіпсіздік мәселелері бойынша парламентмүшелеріне қарата сөйлеген сөзінде Президент Серджо Маттареллаға отставкаға кету туралы өтініш түсіретінін жеткізді.

Өз кезегінде Италиябасшысы мерзімінен бұрын сайлау өткізудің қажеттілігін немесе жаңа билеушікоалицияны құру туралы шешуі тиістігі атап өтіледі.

ИталияныңПремьер-министрі қалыптасқан жағдайға Ішкі істер министрі Маттео Сальвинидіайыптады. «Сальвини өз мүдделерін және өз партиясының мүдделерін көздейтінінкөрсетті. Оның шешімдері ел үшін ауқымды қауіп тудырып отыр», - дедіол.

Джузеппе Конте 12күн бұрын коалицияны «дәрменсіз» деп атап, мерзімінен тыс сайлау өткізу қажеттігітуралы айтқан ІІМ басшысының іс-әрекеттерін ақылға қонымсыз деп мәлімдеді. «Бұлелді саяси тұрақсыздықтың шырмауына және қаржылық тұрақсыздыққа алып келуімүмкін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар