Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды. 27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия — Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді, — делінген хабарламада.

Осыған дейін Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтетіні белгілі болды.