— Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды. 27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия — Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді, — делінген хабарламада.
Осыған дейін Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтетіні белгілі болды.