Италия премьер-министрі Мелони Өзбекстанға барады
17:54, 21 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Италия үкіметінің баспасөз қызметі Джорджа Мелони 25-26 сәуір күндері ат басын алдымен Өзбекстан Республикасына бұратынын мәлімдеді.
Ресми хабарламада Италия премьер-министрі Самарқанд қаласында болатыны көрсетілген.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келетінін хабарлаған едік.
Айта кетейік, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Еуропа үшін тарифтерді төмендетуге қол жеткізу мақсатында Ақ үйге барғанын жаздық.