ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен Қытайда болып, қайтар жолда Ташкентке ат басын бұрды. Оны Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтиёр Саидов қарсы алды.
Италия үкіметінің хабарлауынша, елдің Министрлер кеңесінің басшысы Джорджа Мелони 28-31 шілдеде Қытайда ресми сапармен болды. Ол жерден қайтып келе жатып, сәрсенбі күні кешке Ташкентке біраз аялдады. Оны әуежайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов күтіп алды.
Министр өзінің Telegram-каналында кездесу барысында Шавкат Мирзиёевтің атынан ізгі тілектерін білдіргенін жазды.
– Өзбекстан-Италия стратегиялық әріптестік қарым-қатынастары кең ауқымды және қарқынды дамып келеді, – деп қосты министр.
Кездесу туралы басқа мәліметтері айтылмады.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы