Италия премьер-министрі ұлттық денсаулық сақтау саласына көп қаржы бөлінетінін мәлімдеді
АСТАНА. KAZINFORM – Италия премьер-министрі Джорджа Мелони сәрсенбі күні Брюссельде өткен ЕО-ПШАМЫК саммитінен кейін италиялық тілшілерге сұхбат берді. Ол елде денсаулық сақтау саласын дамытуға бөлінетін қаржы айтарлықтай өсетінін баяндап берді.
«Денсаулық сақтау саласы үшін бұрын-соңды мұндай көп ресурс болған емес», - деді Дж. Мелони.
Оның айтуынша, Италияның денсаулық сақтау қоры 2025 жылы 136,5 млрд еуроны, 2026 жылы 140 млрд еуроны құрайды.
«Біз өңірлермен бұл ресурстарды шоғырландыру қажет басымдықтардың қандай болуы керектігін талқылауға ниеттіміз. Жыл сайын денсаулық сақтау қорын ұлғайту бойынша жұмыс жасаймыз, Сovid-19 пандемиясы кезінде денсаулық сақтау қорында 122 млрд еуро болды, ал бүгінде қорда 136,5 млрд еуро бар. Медицина қауымдастыңының үлесінің арқасында біз қай жерде бірлесіп жұмыс істеу керектігін анықтауға тырысамыз, өйткені бұл ресурстарды жақсырақ жұмсауға болады және бұл тұрғыда көп жұмыс істеу керек екені сөзсіз», - деп қосты ол.