«University Medical Center» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында 4 және 8 қыркүйек аралығында «Балалардың 4-дәрежелі тыртық көмейінің тарылуын хирургиялық жолмен емдеу» тақырыбында шеберлік сабағы өтуде. Қазақстандық дәрігерлерге инновациялық технологияларды енгізудегі ғылыми-практикалық тәжірибе үйретілуде.
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері Италия профессоры Роберто Пукседумен бірлесіп көмейдің тарылуына, созылмалы сиалоаденитке, лимфалық жүйенің туа біткен ақауына, лимфангиомаға шалдыққан, шетелде емделуге мұқтаж пациенттерге операция жасайды.
Шеберлік сабағы барысында отандық хирургтар Қазақстанда осы патологияға шалдыққан балаларды емдеуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды меңгеретін болады.
Бұрын осындай диагнозы бар балаларды шетелге емделуге жіберетін, онда мұндай операциялардың құны 25 мың еуроға дейін жетеді. Қазақстанда оны тегін жасайды.
02:26, 06 Қыркүйек 2017
Италия профессоры қазақстандық хиругтерге көмей патологиясына ота жасауды үйретуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық хирургтар балалардың көмейінің тарылуын емдеу бойынша жаңа технологиялар меңгеруде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі .