Шіркеу мұнарасында қоңыраудың жанында ғибадат ететін монах әйелдің аруағы пайда болды, деп хабарлайды «Ресей 24» арнасы.
Діндарлар мұны таңғажайып құбылыс деп қабылдап, енді одан мән-мағынаны табуға тырысуда. Дегенмен, кәсіби фотографтардың бірі құпияның бетін ашты: аруақ бар болғаны оптикалық иллюзия. Аруақтың сұлбасы - шіркеу қабырғасынан және қоңыраудан түсетін жарық пен көлеңкенің шағылысуының нәтижесі.