Италия соты Берлускониді қарттар үйінде жұмыс істеуге мәжбүрлемек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның пенитенциарлық билігі Милан сотына Сильвио Берлускониға қатысты жаза тағайындауды сұраған болатын. Олар бұрынғы үкімет басшысы жазасын қарттар үйінде өтесін деп талап етуде.

Осыған дейін саясаткерді «Mediaset» ісі бойынша төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданған болатын. Ол қаржы жымқырып, салық төлеуден бас тартты деп айыпталды. Кейін бұл мерзімді бір жылға дейін қысқартты. Бірақ ол мерзім одан да азаюы мүмкін. Тәртібі жақсы болса, Берлускони тоғыз ай ғана отырып шығады. Қазір оны үй қамақта ұстау немесе қоғамдық орындардағы жұмысқа тарту мәселесі шешіліп жатыр. Оның өзінде қарттар үйіне аптасына бір рет барып тұрса болғаны. Қазірдің өзінде бірнеше қайырымдылық ұйымдары Берлускониді өз орталықтарына тартуда. Ал нақты жазалау шарасының қай түрі қолданылатыны ертең белгілі болады.