Жерасты дүмпуінің кіндігі Умбрия облысындағы Норча қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 7 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағының тереңдігі - 6,6 шақырым.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Өткен аптада елдің осы бөлігінде жойқын жер сілкінісі болып, бірнеше қалаларды елеулі бүліншілікке ұшыратты. Бұдан кейін күші әртүрлі 3 мыңнан астам дүмпулер болды. 292 адам қазаға ұшырап, 400-ден астамы зардап шекті. 2,5 мыңнан астам адам үй-жайынан айырылды. Бүліншіліктен келген шығындар алдын ала 1 млрд. еуроға бағалануда.