Оның барысында тараптар министрліктің құзыретіне кіретін салалар бойынша екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың мүмкіншілігі туралы пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Ермекбаев италиялық дипломатты ведомство қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, әртүрлі этникалық топтар мен діндер өкілдерінің бейбітшілігі мен келісімін қамтамасыз етіп отырған Қазақстанның табысты тәжірибесі, сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін шақыру жөніндегі бастамалары туралы айтып өтті.
С. Раваньян көпұлтты елдің бейбіт өмірі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуде Қазақстанның жүргізіп отырған ішкі саясатына жоғары баға берді. Сондай-ақ, ол еліміздегі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестікті орнату бойынша тиімді моделіне, сонымен қатар мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу тәжірибесіне қызығушылық танытты.
Тараптар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен әріптестікке негізделген достық қарым-қатынасты және ынтымақтастықты одан әрі дамытудың қажеттілігін атап өтті.