Италия вице-премьерінің мәлімдемесінен кейін Франция Италия елшісін шақырды
АСТАНА.KAZINFORM — Италия премьер-министрінің орынбасары Маттео Сальвинидің президент Эмманюэль Макронға қарсы айтқан «қолайсыз мәлімдемелерінен кейін» Франция Италия елшісі Эмануэл Д’Алессандроны шақырды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Париж Италия үкіметі мүшесінің Франция президенті Э.Макронның Еуропа әскерін Украинаға жіберу туралы ұстанымына қатысты түсініктемесі екі ел арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайына қайшы келетінін атап өтті.
Миланға сапары кезінде италиялық сарбаздарды Украинаға орналастыру мүмкіндігі туралы сұраққа Маттео Сальвини Э.Макронға «ол жаққа өзі баруын» ұсынды.
— Италия елшісіне бұл мәлімдемелер екі ел арасындағы сенімділік пен тарихи қарым-қатынас атмосферасына, сондай-ақ екі ел ұстанымдарының, әсіресе Украинаны қолдауға қатысты екі ел арасындағы жақындықты анықтаған соңғы оқиғаларға қайшы келетіні ескертілді, — деп хабарлады дипломатиялық дереккөз France Inter радиосына.
Еуропалық БАҚ «Қалаулылар коалициясын» басқарған Франция мен Ұлыбритания Киев пен Мәскеу атысты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейін қауіпсіздік кепілі ретінде Украинаға әскер енгізу және соғыс қимылдарының қайта басталуына жол бермеу мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазады.
Шілде айында Франция президенті қорғаныс шығындарын екі есе арттыру жоспарын жариялады.