Ол Үкімет басшысы Энрико Летто бастаған министрлер кабинетінің ресми түрде лауазымдарына кірісуі кезінде үкіметтік Киджи Сарайының маңында екі қарауылды жарақаттады.
Атыс президент Джорджо Наполитаноның қатысуымен жаңа үкіметтің ант беру рәсімі өтіп жатқан Квириналь сарайынан бірнеше жүздеген метр жерде, Римнің қақ ортасында болды. Итальяндық БАҚ-тың мәліметінше, жақсы киінген, үстінде костюмі мен галстугы бар ер адам Киджи Сарайы алдындағы алаңда кезекшіліктерін атқарып жатқан қарауылға еш кедергісіз жақындап, оларға оқ жаудыра бастаған. Ол карабинерлерге 6 рет оқ атты, кейін ізін суытуға тырысқан, бірақ қолға түсті. Оқиға салдарынан қос тәртіп сақшысы жараланды, олардың бірінің жағдайы ауыр. Оқиға кезінде алаңда болған жүкті әйел де аздаған жарақат алды.
28 сәуір күні Италия Үкіметінің жаңа басшысы Энрико Летта және оның кабинетінің 21 министрі ел президенті Дж. Наполитаноның қатысуымен ант қабылдады.