Италияда 18 цирктің директорлары қамауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда Палермо қаласының полициясы заңсыз мигранттарға көмек көрсететін халықаралық желінің қылмыстық қызметін тоқтатты.

Осыған байланысты елдің түрлі облыстарында, атап айтқанда, Сицилия, Калабрия, Ломбардия, Лацио және Тосканада полицейлер араларында шенеуніктер мен цирк имперссариолары болған 41 адамды қолға түсірді. Ұсталғандардың арасында танымал адамдар - Лино Орфей мен Альваро Биззарро болды.

Тергеу Golden Circus атауына ие болды. Тергеудің сендіруінше, қылмыстық кестеге 18 цирк тартылған.

Ұсталған азаматтар Италияда жұмыс істеуге рұқсат беретін жалған құжаттар берумен айналысқан.

Әрбір заңсыз келген азамат цирк иелеріне 2000-нан 3000-ға дейін еуро әкелгені анықталды.