Италияда әлемдегі ең терең бассейн ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венециядан 45 шақырым жерде 4 жұлдызды SPA-қонақүйінде әлемдегі ең терең бассейн ашылды, деп хабарлады 24.KZ.

Оның тереңдігі - 40 метр, ені - 20 метр. Судың температурасы тұрақты 32-34 градус деңгейін сақтайды.

Жаңадан жүзіп үйренушілерге 3, 10 және 15 метр тереңдіктегі 3 алаң бар. Одан әрі қарай жүзуге тәжірибелі жүзгіштерге ғана рұқсат етіледі.

Ең терең жерде резервуар 5 метр құбыр мөлшеріне дейін тарылады. Сондай-ақ мұнда су астынан көргісі келетіндерге, секіруден қорықпайтындарға арналған шыны туннель бар. Ол бассейннің тура ортасынан өтеді. Жүзіп болғаннан кейін келушілердің қонақүй шатырындағы арнайы орындықтарда дем алуларына болады.