Италияда автомобиль туристерді басып кетті: 6 адам қаза тапты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Италияның солтүстігінде Валле-Аурина коммунасында Аустриямен шекараға жақын орналасқан Лутагода автомобиль туристерді басып кетті. Бұл туралы DW хабарлады.

Оқиға таңертең ерте болған, жол апатынан алты адам қаза тапты. Полиция хабарлағандай, барлық құрбандар – ГФР азаматтары.

Машина 17 адамнан құралған топты қаққан. Олардың он бірі жарақат алып, Оңтүстік Тироль және Аустрияның Инсбрук қаласындағы ауруханаларға жеткізілді. Көлік жүргізушісі жол-көлік оқиғасы кезінде аман қалды.