Италияда балалар мінген автобус апатқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда Франциядан Венгрияға қайтып келе жатқан, балалар мінген автобус апатқа ұшырады. Соның салдарынан кемінде 4 адам мерт болды, деп хабарлайды РБК Anasa агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, автобус жолда тұрған бағанаға соғылып, өртеніп кеткен. Онда балалар болған деген болжам айтылып жатыр. Автобус соғылған кезде олардың біразы терезеден ұшып кетуі мүмкін. Қалғандары өртке оранған автобуста қалған, деп жазады агенттік.

Құтқарушылар апаттың құрбанына айналғандар саны онға жетуі мүмкін екендігін айтуда. Мерт болғандардың саны жақын арада белгілі болады.