Онда Қазақстан құрамасы 21 команданың арасында 12-ші номермен бақ сынайды. Бұған дейін спринттік жарыста 102 спортшының арасынан Дәрия Усанова 33-ші, Елена Хрусталева 43-ші, Алина Райкова 64-орын алды. Ал із кесуде Дарья 52-ші орын алса, Елена жарысты соңына дейін аяқтай алмаған еді.
Сондай-ақ ерлер арасындағы спринттік жарыста Ян Савицкий 16-шы, Диас Кенешов 83-ші орыннан көрінді. Ал кеше із кесуде Ян 33-ші орынды қанағат тұтты. Ертең енді эстафеталық сында 24 команданың арасында ерлер құрамасы 16-шы нөмірмен бақ сынайтын болады.