Бұған дейін 159 адамның көз жұмғаны және 368 адамның жараланғаны хабарланған еді. Із-түзсіз жоғалғандардың нақты саны әлі белгісіз, құтқарушылар тәулік бойы демалмай жұмыс істеуде.
«Құтқару жұмыстары түнде де тоқтаған жоқ, қазір де жалғасып жатыр. Риети коммунасында 190 адам құрбан болған, ал Асколи-Пичено қаласындағы провинцияда 57 адам көз жұмды», - делінген хабарламада.