Италияда екі әскери ұшақ соғылып, 4 адам жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда Асколи-Пичено қаласы маңында оқу жаттығу кезінде Әскери-әуе күштерінің екі ұшқыр ұшағы соғылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, олар әуеде 500 метр биікте соғылып, құлаған. Асколи-Пичено қаласының мэрі Гвидо Кастеллидің журналистерге берген ақпаратында екі ұшақта 4 адам болғаны, олар туралы ешқандай ақпарат жоқ екендігі айтылады.

Қала басшысының хабарлауынша, ұшқыштар әзірге, із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында.