Италияда екі пойыз соқтығысты, жарақаттанғандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда Лечче қаласының маңында екі пойыз бетпе-бет соқтығысты.

Апат салдарынан 15 адам зардап шекті, деп хабарлайды RaiNews.  

Абырой болғанда, пойыздар баяу қозғалып келе жатқан. Сондықтан болар зардап шеккендердің жарақаттары ауыр емес.

«Пойыздардың бірі станса маңында тоқтаған, ал бұл уақытта екіншісі қызыл жарықтың жанғанына қарамастан қозғалысын жалғастырған»,-деп атап өтілген хабарламада.

Сондай-ақ жазғы уақытта Лечче маңындағы теміржолда пойыздар қозғалысы күрт артатындығы айтылып отыр.