Италияда ең үлкен жағажай ашылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның шипажайлық қаласы Римде жаңа суға түсу маусымының басталуныа орай алып жағажай жарақталды, онда 6,5 мың жағажайлық жатын орны мен 2,5 мың жағажай шатырлары орнатылған.

Ұзындығы 500 метрге созылатын демалыс аймағы қаладағы 13 жеке жағажайдың біріктірілуінен пайда болды. Демалушылар үшін мұнда қайықтар мен катамарандарды жалға беретін жеті станса, үш жаттығу залы, гидромассажды ванналары бар екі спа-салон мен жағажайда шағын гольф, футбол мен волейбол ойнау үшін 25 спорт алаңы ашылмақ. Жағажайға келушілер сондай-ақ су аэробикасымен, бимен айналысып, спорттық жарыстарға қатыса алады, деп хабарлайды Росбалт.