Италия азаматы өзінің үстіне тез жанатын сұйықтық құйып, от тұтатып жіберген.
Ер адамның өмірін көшедегі полицейлер құтқарып қалды. Олар жалынды сөндіріп, жедел жәрдем қызметін шақырды.
Дәрігерлер жеңіл күйіктер шалған ер адамды ауруханаға жеткізді. Ол өз әрекетін түсіндірген жоқ. Вилланың иесі - «Алға, Италия» оппозияциялық партиясын басқарып отырған 79 жастағы саясаткер де еш түсініктеме бермей отыр.