Әлемнің 16 елінен, атап айтқанда Италия, Бельгия, Хорватия, Чехия, Франция, Германия, Голландия, Польша, Монако Князьдығы, Сан-Марино Республикасы, Сербия, Словакия, Словения, Швейцария, Ұлыбритания, Венгрия елдерінен жиналған «бөрібасарлар» 35 комплект медальдарды сарапқа салды. Олар суға сүңгу, жүзу, эстафета, кедергілерден секіру, биіктікке секіру сияқты «адами» спорт түрлерімен қатар, «иттердің» спорт түрлерінен де жарысты.
Иттердің олимпиадалық ойыны /Dog Olympic Games - DOG/ Италияның кинологтар қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылып отыр және екі жылда бір рет өткізіліп тұрмақ.