Виареджо курорттық қаласы әкімдігінің басшысы Джорджо дель Гингаро Фейсбуктегі парақшасында ыңғайсыз жағдай туралы, мейрамхана дресс-коды жайында ескертілмегендігін баяндап, шолақ шалбармен түскен суретін жариялады.
«Бұл бейресми кешкі ас болатын, жақын достарыммен қарапайым кездесу болғандықтан, күнделікті киіммен жүрдім», - деп жазды қала мэрі. Оның айтуынша, террасада достарымен үстел басында отырған кезде оған даяшы келіп «шалбарсыз жүргендіктен, мекемеден шығып кетуін сұраған». Кештің басқа мейрамханада әдемі отырыспен аяқталғандығына қарамастан, мэр оқиғаны кемсітушілікке балаған.
The Club Nautico мейрамханасы болған жағдайға байланысты кешірім сұрап, қала әкімінен өтемақы ретінде клуб мүшесі болуды ұсынды. Мейрамхана басшылығының өкілі Муцио Скачиати мекеменің кіреберісі мен баспалдағы жанында мекемеге кіруге рұқсат етілетін киім үлгісі жайлы екі тақта ілініп тұрғандығын мәлім етті.
«Мен болған жағдайға байланысты кешірім сұрап, қала әкімімен ортақ тіл табыса алатындығымызға сенемін. Және оған клубқа мүшесінің картасын сыйға тартқым келеді», - деді Скачиати.