Италияда қала мэрі әр сенбі сайын тұрғындармен серуендеуге шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Италияның Вальдоббьядене қаласының мэрі Лучано Фрегонезе арықтау үшін тұрғындармен апта сайын серуендеуге шығады, деп жазады The Guardian.
Лучано Фрегонезе 47 жаста, салмағы 140 келі. Маусым айында ол үшінші рет Вальдоббьядене мэрі болып қайта сайланды. Одан кейін салауатты өмір салтын ұстанып, 90 келіге дейін салмақ тастауға ниет етті. Оның осыдан 10 жыл бұрын алғаш әкім болып сайланған кездегі салмағы дәл осындай болған.
Қала басшысы артық салмақтың негізгі себебі оның отырықшы өмір салты, жалқаулық, физикалық белсенділіктің болмауы және дәмді тағамға деген сүйіспеншілігі екенін мойындайды.
Лучано Фрегонезе қала қабырғаларының біріндегі "семіз адам"деген жазуды көргеннен кейін жүгіруге шыға бастады. Қабырғадағы жазудың фотосуреті әлеуметтік желілерде тез таралды.