Италияда Караваджо картинасы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда Караваджоның жоғалып кеткен «Магдалина экстазы» туындысы табылды. Ол жеке коллекцияда сақталып келген.

Мамандардың айтуынша, сипатты белгілер оның түпнұсқа екендігін көрсетеді.

Оның екінші жақ бетінде картинаның Караваджоның жанкүйері итальяндық кардинал Шипион Боргезеге тиесілі екені жазылған. Өнертанушылар суретшіге көлемі 91,5 см құрайтын картинаға Борегзе тапсырыс берген деп болжайды.

Алайда, туынды иелері әзірге оны көрсетуді немесе сатуды көздеп отырған жоқ.