Италияда Караваджоның бұрын белгісіз болып келген бірнеше аса құнды суреттері анықталды

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Караваджо есімімен белгілі болған Жаңарудың ұлы суретшісі Микеланджело Меризидің бұған дейін белгісіз жүздеген суреттері Миландағы Сфорц Замогында табылды.

 Сенсациялық олжа туралы екі жыл қатарынан мұрағаттар мен қорларды зерттеген Маурицио Бернарделли Куруз және Адриана Конкони Федриголли есімді екі итальяндық зерттеуші жариялады.

 Жас Каараваджоның 1584-1588 жылдар аралығында барған Симоне Петерцано студиясындағы оқушылардың барлығы 1378 жұмысы табылды. Мамандардың пікірінше, олардың жалпы құны 700 млн. еуроны құрайды - әрбір нобай мен сурет үшін жеті миллион еуродан.