Италияда қазақ киносы көрсетілді

None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - «Қазақфильм» киностудиясының «Теңіз қасқыры» атты туындысы Италиядағы Халықаралық қысқа­метражды фильмдер мен дебюттық жұмыстардың «Maremetraggо» фес­тиваліне қатысты.

Бұл жөнінде «Қа­зақфильм» киностудиясының бас­пасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады «Айқын» газеті.

Қысқаметражды фильм 18 минут көрсетіледі. Туынды режиссері - Ал­мас Бектібаев. «Теңіз қасқыры» қыс­қаметражды фильмі Триест қала­сында 30 маусым мен 6 шілде аралығында өткен 14-Халықаралық қысқа­метраж­ды фильмдер мен дебюттық жұмыс­тардың «Maremetraggio» фес­тиваліне қатысты.

Фильм желісі бойынша Арал те­ңізі жағасындағы өзінің кемесін қор­ға­мақ болған кәрі капитанның оқи­ғасын баян­дайды. Айта кету керек, бұған дейін фильм ІІ Ташкент Ха­лықара­лық «Алтын гепард» кинофо­румында дип­ломмен ма­рапатталып, «Шәкен Жұл­дыздары - 2012» кино­фестивалінде «Қазақфильм» кино­сту­диясының ар­найы жүлдесіне ие бол­ған. Сондай-ақ Францияның 10-Халықаралық қыс­қа­метражды кино­ларының L'In­connu фес­тиваліне, қор­шаған ортаны қор­ғауға арналған фильм­дердің ECO­­-
ZINE 6-Ха­лық­ара­лық фестиваліне жә­не Нью-Йоркте өткен 2-еуразия­лық фильм­дердің «New York Eurasian Film» фестиваліне қа­тысқан.

Италияның «Maremetraggio» фес­тивалінде биыл қазақстандық кино­туындыларға арналған «Қазақстан - ба­ла­лық шағымның аспаны» атты бағ­дарлама көрсетілді. Сондай-ақ Ита­лияда «Теңіз қасқырынан» өзге Әмір Қарақұловтың «Виртуалды махаббат», Ермек Тұрсыновтың «Шал», Бекболат Шекеровтың «Қоңыр» қысқаметражды лентасы көрсетілді.