Италияда кеме апатқа ұшырап, 40 мигрант қаза тапты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияның оңтүстігіндегі Кротоне ауданында кеме апатқа ұшырап, 40 заңсыз мигрант қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Бортында адамдар болған су көлігі қолайсыз күн райында рифтерге соғылған болуы мүмкін. Онда барлығы 250 адам болуы ықтимал деп хабарланды.

Жағалау күзеті қызметі кемінде 50 адамды құтқарды.