Италияда қоғамдық орындарда FFP2 типті респираторларды кию міндеттелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грек армиясында вакцинацияланған және егілмеген адамдар үшін бөлек тамақтану ұйымдастырылды. Екпе алмағандар вакцинацияланғандармен бір үстелге отырғызылмайды, бірақ оларға тамақ сөмкелерде беріледі, деп хабарлайды Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.

Италияда билік «омикрон»-коронавирус штамының таралуына байланысты көшеде және қоғамдық орындарда FFP2 типті респираторларды міндетті түрде киюді енгізді.

Католиктік Рождество қарсаңында Ұлыбританияда, Францияда және Италияда күніне COVID инфекциясы туралы деректер тіркелуде. Ұлыбританияда-122 186, Францияда – 94 124, Италияда – 50 599 жағдай анықталды.