Жарылыс 1 қаңтарда Турин қаласында болған. Қолдан жасалған бомба қала шетіндегі қоқыс багына жасырылған.
Жарылыс кезінде төрт адам - екі италиялық және екі Марокко азаматы зардап шекті.
Сондай-ақ жарылыс толқыны сол маңда тұрған төрт автомобильді, жақындағы тұрғын үйлердің терезелерін қиратып кеткен. Полицейлер оқиға болған жер аумағынан 12 қолдан жасалған жарылыс құрылғыларын тапты. Қазіргі уақытта оны дайындаған адам іздестіріліп жатыр.