Наразылық шарасына қоғамдық көлік, метро және қала маңына қатынайтын теміржол өкілдері қатысты. Alit-Аlia компаниясы 160 ішкі және халықаралық рейсті кейінге шегерді. Ал шерушілерді үкіметтің көлік саласын жекешелендіруді тым ұзаққа созуы ашындырып отыр. Сонымен қатар, шерушілер биліктен өздерінің еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Ал тұрғындар мен саяхатшылар соңғы уақытта ереуілдің жиілеп кеткеніне ашулы.
08:07, 18 Маусым 2017
Италияда көлік саласының қызметкерлері ереуілге шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда көлік саласының қызметкерлері ереуіл жариялап, өткен күн ел үшін «қаралы жұмаға» айналды. Себебі наразылық акциясының кесірінен ірі қалалардағы қозғалыс бұзылып, басқа салаларға кері әсерін тигізген, деп хабарлайды 24.kz.