Оқиға Гран-Сассо тау массивінде орын алған. Көшкін 1,2 мың метр биіктіктен құлап, 4 қабатты Rigopiano di Farindola қонақүйін жауып тастады.
11 адам құтқарылды, олардың барлығы тікұшақпен Пескара қаласының маңындағы ауруханаға жеткізілді. 20 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.